Басты жаңалықтар

Ақтаулықтар қоқыс толған жерде тойдың фотосессиясын жасаған

Ағайындылар экомәдиентті қалыптасыру керектігін осылай түсіндіргісі келген

Ақтаулықтар қоқыс толған жерде тойдың фотосессиясын жасаған. Нұрбол мен Нүркен Сәлиевтар өздерінің идеясын орындап, қоқыс арасында қалыңдық пен  күйеу жігітті суретке түсіріп, желіге жүктеген.  Ағайындылар елдің назарын осылай аударып, қоқысты сұраптау керектігін түсіндіргісі келгенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Қазіргі Ақтау қаласында қоқыс  үлкен мәселе болып тұр. Бұл халықтың жақсы өмір сүруіне өте қатты зиянын тигізеді. Соған орай ағайынды Салиевтар барынша сауатты болып, қоқысты сұрыптауға назар аударуға шақырды. Бұл әрбір адамның және мемлекеттің жауапкершілігінде дейді олар. Елдің әрбір тұрғыны қоқысты сұрыптап тастайтын болса  қоқысты өңдеуге оңай болады. Қоқысқа жауапты қызметкерлер  сұрыптайтын жерге өткізсе біраз мәселе шешілетінін айтты. Экомәдиентті қалыптасыру керектігін түсіндірді. Қоқысты сұрыптап, біз одан жаңа пайдаға жарайтын нәрсе жасай аламыз дейді олар. 
 


Желі қолданушылары жас жігіттерді қолдаған. «Дұрыс, халыққа экомәдениетті көрсету керек», «қоқысты сұрыптап тастаймын, кейін балаларым жаман жерге тұрмау үшін», «осы мәселеге шыныменде назар аудару керек, біздің елде ақсап тұр» , «шетелде қоқысқа қатты мән бередіғой, бізде пайдаланып- пайдаланып тастап кетеді» деп пікір білдірген. 

Айта кетейік, елімізде жас кәсіпкер Бексұлтан Оразбеков тұрмыстағы қолданылған пластиктен қазақи нақыштағы  киім тіккен.