"Дәрігерлер тәуекелге бара алмайтынын айтып, ота жасаудан бас тартты" : мектепте баспалдақтан құлаған баланың әкесі
Жапа шеккен баланың әкесі мектепте оқушылардың қауіпсіздігі қорғалмағанын айтуда.
Астанада мектептегі баспалдақтан құлаған баланың әкесі дәрігерлердің тәуекелге барып, ота жасай алмайтынын айтты. Қазіргі таңда баланың жағдайы өте нашар, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Елордалық оқушы баспалдақтан құлап, комаға түскен. Баланың жағдайы жайлы әкесі 1 сағаттан кейін барып естіген. Білім ордасында оқушының қауіпсіздігі сақталмағанын дейді ол.
Әкесінің айтуынша, баланың қазіргі жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер тәуекелге бара алмайтынын хабарлап, мамандар ота жасаудан бас тартқан екен.
Ол бала құлаған баспалдаққа тікелей мектеп басшылығы жауапты деп есептейді.
Ал қалалық білім басқармасы баспалдақта қоршау бар деп отыр.
Білім басқармасының айтуынша, қазіргі күні мектеп директорына қатысты шара қабылдау туралы мәселе қарастырылып жатыр.