Шымкентте 15 жасар ұлды ауласына келіп белгісіз жандар ұрып кеткен
Баланың бас-миы шайқалып, мойны сынған.
Шымкентте 15 жасар ұлды ауласына келіп белгісіз жандар ұрып кеткен. Құрылыс қоқысын қақпаның маңына не үшін тастадыңыздар дегені үшін жасөспірім оңбай таяқ жеген, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Оқиға осыдан 1 жыл бұрын болған. Әлі баланың ұрып-соққандар заң алдында жазасын өтемеген. Баланың бас-миы шайқалып, мойны сынып, 1 ай ем қабылдап, невропотологтың учетына ілінген.
Содан бері анасы екеуі полицияға арызданып, прокуратураға жүгініп қанша шырқырағанымен мойнын сындырған отбасыға еш жаза жоқ. Сол оқиғаның кесірінен бала бір ай сабақтан қалды. 5-ке оқитын оқушының үлгерімі төмендеп кеткенін мұғалім де растап отыр.
Медициналық барлық анықтамалар, көршінің видео бақылаудағы көрінісі, басын жарған кірпіштің бөлігі … дәлелдің бәрі бар. Оқушының үш ересектен таяқ жегенін Шымкент қалалық балалар омбудсмені де біледі. Бірақ, жасөспірімді ұрып-жыққандар істеген ісі үшін жазасын алмай емін-еркін өмірлерін сүруде.
Еске сала кетейік, ел президенті Тоқаев кешегі жолдауында “Кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты қылмыстық жаза күшеюі тиіс” деген еді.