Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Әжетхана суын ішкізді": Мектепте әлімжеттік көрген бала адам шошырлық жағдайды хатқа жазып, өлмек болды

"Әжетхана суын ішкізді": Мектепте әлімжеттік көрген бала адам шошырлық жағдайды хатқа жазып, өлмек болды
Ашық дереккөзі
Бала оқушылардың адам шошырлық қатыгездікке барғанына төзе алмағанын жазған

Алматы облысына қарасты Талғардағы №29  мектепте 9 жасар балаға сыныптастары әлімжеттік көрсеткен. Қорланған бала болған жағдайды  хатқа жазып, дәрі ішіп, өзін-өзі өлтіруге бекінген. Хатта баланы әкесі жоқ деп кемсіткенін, киімін жыртқанын,шашын қималап тастағанын, әжетханадағы суға малынған кәмпитті қинап аузына салғанын жазған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 


Саяттың анасы мектептегілердің барлығы өздерін кінәлағанын айтуда. Мектеп директоры бұл сыныппен жұмыс істейтінін айтып әлі де қимылдамады дейді ол. 

«Баламның шашын сыныпта отырып-ақ кескен. Мұғәлімі бұған назар аудармаған. Ал, әжетханада олар оны ұрып, тұншықтырған. Сосын лас кәмпитті ауызына салған. Ол маған ештеңе айтпады. Үндемей жүрді. Мен жиналыста балалардың төбелесетінін айтқанмын. Сынып жетекшісі бұның бәрін қадағалайтынын айтқан. Ұлым сенбі күні біртүрлі болып жүрді. Ешкіммен ойнауға бармады. Әдетте ойнуға шығатын. Ешқайда бармады, үйде болды. Өзін біртүрлі ұстады. Жексенбі күні оның жыртылған шалбарын тігіп, ертең сабаққа баратынын айттым. Ол «менің басым ауырып тұр, мен бармаймын» деді. Мен балам басың ауырып тұрған жоққой, оқу керек дегенмін. Ол «барғым келмейді, қаламаймын» деп айтты. Мен дәріханаға кеткенде ол хат жазған екен. Келгенде өзін біртүрлі ұстап жатты. Мен ұйықтайсың ба дегенім де «ия» деп жауап берді. Бір кезде «неге қабырғалар мынандай, едендер неге басқаша» дей бастады. Көзі өзгеріп кеткен. Мен қорқып кеттім. Ол дәрінің ішіп алғанын айтты. Жедел жәрдем шақырып қараттық»,-дейді баланың анасы Әсем Биғалиева.

Жапа шеккен бала Саятқа Әмір мен Рамиль есімді балалар үнемі тиіскен. Жанында Ифрат деген бала болған. Бірақ, Ифратпен сөйлесіп жағдайды анықтаған.
 Саяттың анасына мәселені жылы жауып қоюы үшін ақша ұсынған. Көнбеген соң, мектеп директоры және директордың қызы 200 мың тенге беріп, қорқытуға тырысқан. Бірақ ана ақшаны емес баласы өзін-өзі өлтіретін жағдайға жеткізгендер өз жазасын алуын қалайды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар