Қоғам

"Әжетхана суын ішкізді": Мектепте әлімжеттік көрген бала адам шошырлық жағдайды хатқа жазып, өлмек болды

Бала оқушылардың адам шошырлық қатыгездікке барғанына төзе алмағанын жазған

Алматы облысына қарасты Талғардағы №29  мектепте 9 жасар балаға сыныптастары әлімжеттік көрсеткен. Қорланған бала болған жағдайды  хатқа жазып, дәрі ішіп, өзін-өзі өлтіруге бекінген. Хатта баланы әкесі жоқ деп кемсіткенін, киімін жыртқанын,шашын қималап тастағанын, әжетханадағы суға малынған кәмпитті қинап аузына салғанын жазған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 


Саяттың анасы мектептегілердің барлығы өздерін кінәлағанын айтуда. Мектеп директоры бұл сыныппен жұмыс істейтінін айтып әлі де қимылдамады дейді ол. 

Жапа шеккен бала Саятқа Әмір мен Рамиль есімді балалар үнемі тиіскен. Жанында Ифрат деген бала болған. Бірақ, Ифратпен сөйлесіп жағдайды анықтаған.
 Саяттың анасына мәселені жылы жауып қоюы үшін ақша ұсынған. Көнбеген соң, мектеп директоры және директордың қызы 200 мың тенге беріп, қорқытуға тырысқан. Бірақ ана ақшаны емес баласы өзін-өзі өлтіретін жағдайға жеткізгендер өз жазасын алуын қалайды.