Шымкентте көбейіп кеткен аш иттер жаңа жерленгендердің қабірін қазып, қанша қуса да кетпейтін болған
Тіпті қаланың ортасында адамдарға ашық шабуыл жасайтын болған
Шымкентте қаңғыбас иттер қабірлерді қаза бастаған. Жаңа жерленген мүрделерді жеп кетпеу үшін күні-түні күзетте тұрамыз дейді шырақшылар. Тіпті қаланың ортасында адамдарға ашық шабуыл жасайтын болған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.
Осы жылдың басынан бері ит қауып ауруханаға түскендер саны мың жарым адамнан асқан. Әсіресе таңғы және кешкі мезгілде көбейетін бұралқылар мектеп оқушыларына азу көрсетеді екен. Шымкентте қаңғыбас иттердің қаптағаны соншалық, мазараттарды жайлап, қорымдарды қор қылуда. Шеттен сүйекөсаяқтарын сүйреп әкелгені былай тұрсын, бейіттерді қазып, көр ішіне күшіктеуге дейін жетуде. Бейіттердің маңында шашылған сүйектердің малдікі, не адамдікі екенін айту қиын. Мазарлардың іші ит-құстың саңғытына толып, көп қабірдің беті бүлініп жатыр. Қорымды күндіз-түні қаңғыған иттен қорып жүрген шырақшы Шухрат Исраилов биылдың өзіне ит қазып тастаған қырық шақты бейітті қайта көміп шықтым дейді.
«Оқушыларды қауып жатыр. Жақында Құртаев көшесінде бір баланы ит талап тастапты. Кешке таман, азанда, кешке балаларға қиындау болып жатыр. Бір иттің өзі 6,7,8ге дейін, әр үш айда күшіктейді. Ал есептеп көріңіздер, жылына бұлар қанша күшіктейді. Бір жылда төрт мәрте болғанда, 32-ге дейін апарады екен. Шымкентте ит аулаумен айналысатын алты бригада бар екен. Олар былтыр 40 мың қаңғыбас ит-мысық ауласа, биыл бар болғаны 16 мың 800 бұралқыны ұстапты. Жабайы жануарларды аулап, кастрация жасап әрі жоюға 264 миллион теңге бөлінген. Жауапты басшылар ит-мысықты жаппай жоюға заң мүмкіндік бермейді деп отыр»,-дейді Рысбай Асанұлы.