Мәдениет

Әнші Тұрар Ыдырыс пен Сара Амангелді той жасады

Тұрар: осы кинода мен үйленемін. Сол басыма келсе екен.

Әнші Тұрар Ыдырыс пен актриса  Сара Амангелді қалыңдық пен күйеу жігіт болып отырған   видео әлеуметтік желіде тарады. Бұл тойға біраз танымал тұлғалар келген. Нұрболхан Шарапов секілді актерлар бой көрсетті. Бұл әнші Тұрардың алғашқы рөлі, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

«Жар-Жар»  картинасында  ғашық жұп  болып ойнау Сара мен Тұрардың еншісіне тиіпті. Бұл жастардың сүйікті әншісі Тұрар Ыдырыстың алғашқы киноға қадам басуы.

4 жыл бойы араз болған Нұрболхан мен Ләйлә Сұлтанқызы  бірге  бұл түсірілімде бой көрсетті. Ләйлә Сұлтанқызы ұзатылатын Сараның анасының рөлін ойнайды екен. Ал, әкесінің рөлі  Қайрат Әділгерейге бұйырыпты. 
Бұл кинодан басқа да танымал актрисаларды көруге болады. 16 қарашада түсіріліп жатқан киноны халыққа  ұсыну жоспарланып отыр.