Қордайда 18 жастағы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Қыз соңғы рет түнгі сағат 4 -те анасына жылап хабарласқан.
Қыз 28 шілде күні түнгі 12 шамасында үйінен шығып кетеді. 4 сағаттан кейін анасына амандығын айтып, жылап хабарласады. Одан соң жас қыздан анасы мүлдем хабар алмаған. Құзырлы орын қызметкерлері 2 ай бойы қызды таба алмай келеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Арайлым анасына «мәселемді шешіп алайын сосын барамын» деген. Әжесі жағдайды қатты уайымдап, бұл іске немересінің құрбысы Аружан Тұрарбекті кінәлауда. Бірақ, бұл қызда Арайлымды көрмегенін айтты. Арайлымды іздеп, бұрынғы жігіті, оқу орны, таныстарынан сұрастырған. Еш оң нәтиже шықпаған. Бәрі бұл оқиғадан хабарсыз екенін айтқан.
Кейіннен Арайлым інісіне қиын жағдайға тап болғанын айтып хабарласқан.
Қыздың группаластары үнемі Арайлымның қарызға ақша сұрайтынын айтты. Кейіннен іздестіру нәтижесінде қыздың Алматы қаласында тұрып жатқаны анықталған.