Қоғам

42 жастағы әйелді екі баласымен қосып өлтірген азамат көпшілікті шошытатын мәлімдеме жасады

Күдікті бар жақсылықты осы отбасыдан көргенін айтқан.

Оқиға 14 қыркүйек күні орын алған. Қаскөй өзінің азаматтық некедегі әйелімен ұрысып, соңында оны  өлтірген. Бұл оқиғаға күә болған әйелдің қызы мен ұлында еш аямастан  қорлықпен пышақтап өлтірген. Қылмыскердің полиция қызметкерлері іздестіріп жүргенде, Рахат пен Олжас есімді жігіттер қаскөйді ұстап берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.


«Мен жастайымнан әке-шешемнен айырылғанмын. Жетім өскенмін, жақсылықтың бәрін осы отбасыдан көргенмін. 11 жыл бірге тұрдық. Сол кезде әйелім сатқындық жасады. Әйелім 11-де келу керек еді жұмыстан, ол 16:30-да  келді үйге. Мен ішіп алып  айқайды бастадым. Содан кейін тамағына пышақ тақап тұрып, кесіп алдым. Қалағанын не болғанын білмеймін» деген қылмыскер өзін ұстап алған Олжас пен Рахатқа.