Қоғам

Түркістан облысының 40 жастағы тұрғыны Айнагүл Омарбек 11-ші баласын өмірге  әкелді

Әйелдің тұңғыш баласының жасы 21-де екен.

Түркістан облысының 40 жастағы тұрғыны Айнагүл Омарбек 11-ші баласын өмірге  әкелді. Түркістанның перинаталдық орталығында айтылғандай, босану  сәтті өтті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Түркістан облысында 40 жастағы әйел 11-ші баласын аман-есен босанып алды.  Ұлының есімін  Мұстафа деп қойған. Қазір бала мен оның анасы үйіне кетуге дайындалып жатыр.

Ерекше отбасы туралы жаңалықтар әлеуметтік желілерде белсенді талқылануда.  Белгілі болғандай, Айнагүлдің жұбайы Сарыағаш ауданындағы Нұрлы жол ауылының бас имамы.  Отбасындағы ең үлкен бала 21 жаста.