Қоғам

БҚО-да бүкіл отбасы бірігіп құрт сатып, түскен пайдаға үй алған

Бұл отбасының бірлігіне жұрт таң қалуда.

Батыс Қазақстан облысында Ниетқабыловтар отбасы құрт сатып, үй алған. Әрбір отбасы мүшесі құрт жасауға ат салысқан. Бірі құрт жайса, бірі сиыр  сауып, сүтті дайындаған. Бұл ақпаратты Дәулет Мұқаев өз парақшасында бөліскен, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл отбасының бірлігіне жұрт таң қалуда. Желі қолданушылары "жарайсыңдар", "міне отбасы, бәрі бірге жасаған", " адал табыс", "берекелі шаңырақ болсын" деп жылы лебізін білдіруде.