Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

АҚШ-та дәрігерлер 58 жастағы азаматқа шошқаның жүрегін салған

АҚШ-та дәрігерлер 58 жастағы азаматқа шошқаның жүрегін салған
Ашық дереккөзі
Шошқаның жүрегін ота арқылы салғаннан кейін Фоссеттің жағдайы жақсарған.

Америкада дәрігерлер 58 жастағы азаматқа шошқаның жүрегін салды. Күрделі ота сәтті өткен. Америка құрама штаттарындағы ақ халаттылар шошқаның жүрегін адамға трансплантациялау отасын осымен екінші рет жасап отыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі 31 арнаға сілтеме жасап.

Отаны Мэриленд университетінің медицина мамандары жасаған. 58 жастағы науқас Лоуренс Фоссетке жүрек-қан тамырлары және ішкі қан кету диагнозы қойылған. Дәрігерлер науқасқа адамның жүрегін салуға болмайды деген қорытындыға келіпті.

Ал оған шошқаның жүрегін ота арқылы салғаннан кейін Фоссеттің жағдайы жақсарған. Науқас қазір арнайы құрылғысыз, өз еркімен демала алады. 

Айта кетейік, америкалық дәрігерлер былтыр да 57 жастағы адамға шошқаның жүрегін трансплантациялаған еді. Бірақ науқас отадан кейін екі ай өткенде көз жұмған болатын. 

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар