Қоғам

Америкалықтар асырап алған Гүлмира елге оралып  туған анасымен қауышты

Роза Смагұлова өз қызымен араға 26 жыл салып кездесті.

Роза Смагұлова өз қызымен 26 жылдан кейін қауышты. Америкалықтар асырап алған қазақ қызы   анасын тауып алған. Гүлмираның америкадағы ата-анасы   12  жасқа толғанда  асырап алғанын айтқан екен.   Кейін есейе келе қыз біраз уақыт туған анасын іздеген. Солай осы жылы өзін өмірге әкелген анасын тапты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Анасы бұл оқиғаға өте қуанышты. Қызынан үмітін үзген ана, «Алла маған тағы да мүмкіндік берді»  деп ағынан жарылуда. 

Бұл оқиғаға жұрт түрлі пікір білдіруде. Бірі анасы қалай баласына дұрыс қарамаған  десе, екіншісі бастысы аман кездескенін айтуда. Араға 26 жыл салып кездесу бұйырғанына таң қалуда.