Саясат

Депутат вице-министрге: Мәжілісте өтірік айтпай, жұмыстан кетіңіздер

Мәжілісмен Бақытжан Базарбек Мәлік Олжабековке шүйлікті

Ақпараттық қауіпсіздікті күшейту туралы заң жобасы талқыланған Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабековке шүйлікті, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Вице-министр ашықтықты қамтамасыз ету үшін арнайы жария кадастрлық карта іске қосылғанын айтты.

Алайда шенеуніктің жауабына депутаттың көңілі толған жоқ.

“Қазір жер учаскесі иесі жайлы ақпаратты сұраныс бойынша беруге болады”, – деп жауап берді Олжабеков.

Мәжіліс төрағасы шенеунікке депутаттың сұрауына жазбаша толық жауап беруді тапсырды.  

Айта кетейік, Бақытжан Базарбек мәжілісте жер мәселесін жиі көтереді. Жуырда ғана бір топ сенатордың «жер кодексіне күмәнді және аса қауіпті түзетуді ұсынып» отырғанын, сенаторлар қорғалатын табиғи аумақтардың бір бөлігін ауылды елді мекендердің құрамына ауыстыру мүмкіндігін беруге тырысып жатқанын мәлім еткен еді.