Мәдениет

«Рақмет жаным» деп құшақтап алғанмынғой":Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболханмен қалай татуласқанын айтты

Актер мен журналист ел алдында ұрысып, 4 жыл өткенде татуласты

Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шарапов 4 жыл араздықтан соң, қалай татуласқанын айтты. Журналист бұлай болатынын мүлде күтпеген, деп хабарлайды  KYN.KZ тілшісі.  


Ләйлә Сұлтанқызы  бірінші Нұрболханның кешірім сұрағанын айтты. «Мен біріншіден күткен жоқпын, екіншіден өзімнің түрімнен көрініп қалды менің күтпегенеім «рақмет жаным» деп құшақтап алғанмынғой  ұялып қалдым артынан. Уақыт өттіғой. Көп құпия сырлар бар мен айтып, өзімді  ақтап алғым келмейді. Біреудің сырын , құпиясын айтқым келмейді. Нұрболханның бұл  қадамы ер азаматтық іс. Сондай қадамға барғаны менің оған деген  сыйластығымды  арттырды»,-дейді Ләйлә Сұлтанқызы.


Айта кетейік, қазіргі таңда  тележүргізуші мен әзілкеш бір  киноға түсіп жатыр. Олар түскен кино қараша айының ортасында халыққа ұсынылады.