Мәдениет

Динара Сәтжан : 5 жыл бұрын Америкада жүріп  армандаған жобамды жасадым

Қызықты бағдарламасына қонақ ретінде Баян Мақсатқызы мен оның жұбайын шақырып үлгерген.

Тележүргізуші Динара Сәтжан Америкаға барып, қызығып көрген бағдарламасы секілді жаңа жоба жасады. Ол бұл жайлы армандаған екен. Америкадағы сол бағдарламаның атмосферасы ұнағандықтан, біздің елімізде де сондай жақсы бағдарлама болуы керектігін ойлаған,  деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Сауда орталығында студияның орналасқанының артықшылықтары бар екенін айтты. Ол жақта адам көп жүрген соң бәрі байқайды дейді журналист. 
Жаңа жобасын «Late night show DS» деп атаған. Емін-еркін ешқандай шектеусіз, қызық сұрақтар қойылатын шоу жасаған. Түрлі тақырыпта, түрлі тұлғаларман сұхбаттасқанды жақсы көретін Динара жаңа бағдарламасына  Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзовты шақырып үлгерген. Журналист 10 мың сұхбат жасауды алдына мақсат етіп қойып отыр .

Айта кетейік, бұдан былай Динара Сәтжан өзінің киім брендін Алматыда "Saks"  дүкенінен сатып алуға болатынын да хабарлады.