Қоғам

Бекболат Тілеухан Kausar Travel-ге қатысты айыптауларға жауап берді

Халықта күмән болмасын деп осы қадамға барған.

Бекболат Тілеуханов қасиетті Құран Кәрімді ұстап «Кәусар» трэвелден ақша алмағанын айтып ант етті. Мұның бәрі өзіне жабылған кезекті жала дейді ол. Басқа амалы қалмағандықтан осындай қадамға баруға мәжбүр болғанын айтты, деп хабарлайды  KYN.KZ тілшісі. 

«Өзіммен-өзім болып, кітабымды жазып, бала-шаға, әулеттің қамына ғана көңіл болып, намазымды оқып, жасымызда біразға жетті . Басқаның бәрінен бастартамын деп жүргенмін. Бірақ бүгін елдің алдына шығуға мәжбүр болып отырмын. Қажеттіліктен сөйлеп отырмын.  Осы уақытқа дейін талай жала жабылды. Қару сатты, анасын өлтірді, анасын тігінен көмді, ән ұрлады, сирияға кісі жіберді деді. Біраз жаланы жапты. Оларға көңіл бөлмедім,  өйткені, қисынсыз нәрсе болды. Бірақ мына соңғы жала ауыр болды. Халықтың тірнектеп жиғанын, Меккеге деген махаббатынан шығып, жинаған ақшаны жымқырып кету деген ауыр жала. Ол жаланы жауып отқан Медет деген бала екен. Оған біреу айтқызып отырғой. Бірінші кездесуден-ақ айттым. «22 жылы күзде Алматы қаласында ақшаны  Бекболатқа бердім» дейді. Алайда, Бекболат 22 жылдың наурызы мен 23 жылдың  қаңтарында Қазақстанның топырағын табаны  басқан жоқ. Айтатын адам айта береді. Ел ішінде күмәнді нәрсе туған соң мен мынандай қадамға баруға мәжбүр болып отырмын. Мен ешқашан намазымды тастамадым. Сақалымды қырмадым. Мен үшін діннің қаншалықты маңызды екенін білесіздер. Ал, біздің ислам діні Құран кітапқа негізделген. Құранмен ант ету, Алламен ант етудің жүгі ауыр екенін бәрі біледі.  Мына сөздің елге жетуі үшін  Құранға қолымды қойып отырып ағайынға ант беремін. Уа Аллахи  мен Кәусар деген фирманың  бар екенін білмедім. Мұратбаев  деген адамды кездестірмегенмін. Ешқашан одан нәрсе болған емес. Мен анамды өлтірмедім, ешқандай ән ұрламадым. Ант етемін.  Осы айтылған жалалардың бәрі қисынға келмейді. Бұқараның есінде маған деген күмән қалмасын деген оймен осы қадамға бардым»,-деді Бекболат Тілеуханов.  

Еске сала кетейік, бұған дейін «Kausar travel» директорының барлық ақшаны Бекболат Тілеуханға бердім деген мәлімдемесін  жазған едік.