Басты жаңалықтар

Қоғамда дау туғызған мәлімдемесінен кейін депутат Ринат Зайытовтың тәртібі мәжілісте қаралды

Ринат: Өз ұстанымымнан таятын болсам, сіздер бірінші естисіздер

Қоғамда дау туғызған мәлімдемесінен кейін депутат Ринат Зайытовтың тәртібі мәжілісте қаралды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Біраз уақыт бұрын Зайытов қоғамдағы мәселелерді қозғап сұхбат берген. Ол аялаяқтық тақырыбына да сөз қозғаған еді. Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов  сұхбатында "Қазақстандағы алаяқтықтың 80 пайызын жасайтын қауым – намаз оқитындар" деген мәлімдеме жасады. Бұл мәлімдемесі жайлы қоғам белсенділері түрлі пікір білдірді. Ал, қарапайым халық екі тарапқа бөлінді. Бірі бұл пікірмен келіссе, екінші тарап намазхандарды тілге тиек етіп, бұлай сөйлеуін  құп көрмеді. 

Депутат журналистерге берген жауабында даулы мәлімдемесінен кейін Мәжілісте тәртібі сөз болғанын айтты.