Басты жаңалықтар
Астанадағы суға батып бара жатқан баланы құтқарған кімдер екені белгілі болды
- автор kyn.kz
- 4 шілде, 2018
- 306
Олар баланын өмірін сақтап қалып, кетіп қалған
Ішім өзенінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған жігіт оқиғаны толығымен айтып берді деп NUR.KZ сайтына сілтеме жасай отырып KYN.KZ хабарлайды
Дәл қазіргі сәтте баланы құтқаруға атсалысқан үш адам белгілі болды. Олар инкассатор Арман Смағұлов, 17 жастағы студент Ангелина Дәрменбаева, 19 жастағы студент Тимур Насибуллин. ТЖБ баланың өмірін сақтап қалған жастарды марапаттау рәсіміне қатысу үшін суға батқан баланы іздестіру үстінде.
Олар БАҚ өкілдерінің арқасында батылдық танытқан жастарды тапқан. ТЖБ қызметкерлерінің айтуынша адамды судан құтқару оңай жұмыс емес. Ангелинаның айтуынша Ішім өзенінің бойында сіңлісі екеуі суретке түсіп жүргенде, батып бара жатқан баланы көрген. Ол еш ойланбастан баланың артынан суға секірген. Алайда су түбіне кетіп бара жатқан баланы құтқаруға шамасы келмеген. Осыдан кейін баланы құтқаруға студент жігіт қосылады. Ол баланы судың бетіне белінен ұстап көтеріп шығарған. Ал оны жағажайға шығаруға инкассатор Арман көмектескен.