Мәдениет

Келіншектерге "Бақытты әйел" болуды үйретемін деп ақыл сатуға кіріскен Қыран Талапбектің екінші әйелін жұрт сынап тастады

Желі қолданушылары енді ғана тұрмысқа шыққан қыздың бұл әрекеті орынсыз екенін айтқан

Белгілі мобилограф Қыран Талапбектің екінші әйелі Гүлзада Тұрлаштың  "мен бақытты әйелмін" курсын жұрт сынады. 19.990 тг тұратын курсы жайлы инстаграм қолданушылары түрлі пікір айтуда, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Инстаграм парақшасында әдемі ойы мен өмірін көрсетіп жүрген Қыранның әйелі жақында курс жасап, өзі секілді бақытты әйел болуды үйрететінін айтты. Бұл курсты көптен күткендерге қарағанда сынға алғандар көп. Сынауының басты себебі, Гүлзада Тұрлаштың бір рет ажырасқаны.  Желі қолданушылардың "ажырасып қайта күйеуге шыққан әйелден бақытты болуды үйренеміз бе?" , " бай жігітке күйеуге шығуды үйрете ме?", "сенің тек жолың болған?" , " үйленгендерің ендіғой, бір жылдан кейін сатпадың ба?" деп пікір білдіруде. 

Қыран мен Гүлзаданың махаббаты күшті, жарасымды жұп екенін жазып бақыт тілеп жатқан оқырмандары да бар екенін де айта кету керек. 

Еске сала кетейік, бұған дейін біз Қыран Талапбектің 700 млннан астам қаржы жұмсаған үйі туралы жазған едік. Ол үйде Қыран ата-анасы, жары, інісімен бірге тұратыны жайлы айтқан.