Алматыда қоғамдық көлікте қыздардың санынын сипап, кеудесін ұстайтын еркектер көбейгенін айтып шағымдануда
Жапа шегуші қыздар:бұндай істі полиция қызметкерлері қарамайды
Алматыда қоғамдық көлікте қыздардың санынын сипап, кеудесін ұстайтын еркектер көбейгенін айтып шағымдануда. Олар қоғамдық орында жас қыздардың етегін көтеріп, қол жүгіртеді екен, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Алматы қаласы жастардың көп шоғырланған жері. ЖОО-да оқып жүрген қоғамдық көлікті күнде пайдаланатын қыздар өздеріне бейтаныс еркектердің жақындап, тиісуі үлкен мәселе болып жатқанына шағымдануда. Қыздар намыстарының жерге тапталғанын айтуда.
Жапа шеккен қыздар полиция қызметкерлері осындай мәселемен барғандарға іс қозғамайтынын айтты. Көп қоғамдық көліктерде бейнебақылау жұмыс істемеген соң дәлелдеуге мүмкіндігі жоқтығына күйінуде.