Мәдениет

Баян Мақсатқызы күйеуін қатты қызғанатынын айтты

Күйеуінің телефонын тексеріп, ұсталып қалған кездерін есіне алды.

Продюсер, актриса Баян Мақсатқызы күйеуіне киноға актер болуына көп ұсыныс түсетіні жайлы айтты. Басты рөлдерге жиі шақырса да продюсер бас тартады екен. Актриса күйеуін қызғанатынын, ол киноға сол үшін түспейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Динара Сәтжанға берген сұхбатында Баян өз жолдасының киноға түсу арманы  екенін мәлімдеді. Бірақ түсірілім сәтінде актрисамен неше түрлі химия болуы мүмкін деп күйеуін ол салаға жолатқысы келмейтінін айтты.

"Маған хабарласып "Тұрсын киноға түседі ме, кез келген гонарарды төлейміз" деп айтады. "Бізде 45 жастан жоғары, тартымды ер адам жоқ" деп жиі қоңырау шалады. Мен "жоқ,жоқ,жоқ" деп жауап беремін.  Мен кадр, химия дегеннің не екенін білемін.  Актердің көзіне тура қарауды білемін. Тұрсын сол үшін бұл тақырыпты жап.  Мен қызғанамын. Сол үшін ол салаға жақын болмайды",-дейді продюсер. 

Киноға жас актрисамен  бірге түсуінің соңы жақсы аяқталмауы мүмкін екенін айтты. Ер адамдар әдемі күлкіге сынып қалады дейді актриса. Бұндай кезде өте сақ болу керектігін жасырмады.
Сұхбат барысында Баян Мақсатқызы күйеуінің телефонын тексеріп, ұсталып қалған кезі болғанын айтты. Сол үшін қатты ұяламын дейді ол. 

"Қатал әйел-бақытты отбасы" дегенге келіседі екен.