Ақтөбе қаласындағы президент резиденциясының бір коттеджі балалар үйіне беріледі
Резиденция 2008 жылы салынған 500 квадратты құрайды.
Ақтөбеде қаласындағы президент резиденциясының бір коттеджін балалар үйіне беріледі. Жарты жыл бұрын мемлекет басшысы бес аймақтағы осындай нысаннан мектеп, не балабақша, сауықтыру лагерлерін ашуды бұйырған. Бірақ ақтөбелік шенеуніктер ол тапсырманы толық орындай алмады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.
Қарғалы өзені бойынан президент резиденциясы осыдан 15 жыл бұрын салынған. Бірақ ол ешқашан мемлекет меншігінде болмаған. Өңірге мейман болып келген лауазымды тұлғалар сонда тоқтайтын. Тіпті кейбір облыс әкімдері осында айлап тұрды. Резиденцияның осы уақытқа дейін «Қазхром» зауытына тиесілі екені жақында ғана белгілі болды. Аумақтағы бір коттедж ғана әкімдікке қарайды екен. Енді сол жерден сәбилір үйін ашпақ. Жатар орынның аздығынан тек небәрі 25 баланы ғана қабылдайтын болады. Ал коттеджден бөлек, қалған зәулім сарай да, дүние-мүлік те, бұрынғысынша зауыттың меншігінде бола бермекші. Жекенің иегілінде болғандықтан, сөзіміз жүрмейді дейді шенеуніктер.