Мәдениет

Дархан Жолшыбеков : маған жол көрсеткен адам болмады

Дархан: 385 миллион қарызым болды

Блогер Дархан Жолшыбеков өзіне жол көрсеткен адамның болмағанын айтты. Барлық нәрсеге тәуекел етудің арқасында жеткенін мәлімдеді. Блогердің 385 млн қарызы болған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.  Бұл ақпаратты Аман Тасығанға берген сұхбатында  айтқан. 

Блогер 3 жылдың ішінде өмірінің түбегейлі өзгергенін айтты. 2020 жылы болған екі көлігін де қарыз бен несиеге алса, қазіргі кездегі дүниесінің барлығы өзінікі екен. 300 млн тенгені құрайтын үй, одан бөлек қымбат бағаланатын екі көлікті еңбекпен тапқан ақшасына сатып алған.

Дархан отбасылы болған соң бар жауапкершілікті сезіне бастаған екен. "Еркек үнемі ақша табу керек",-деді ол. Себебі, баланы асырау, керек нәрсені әперу оңай еместігін айтты. Кішкентай кезінде ақша  жетіспеген соң үйінде көп ұрыс болғанын жасырмады. Сол үшін өз отбасында ондай жағдайға жеткізбеуге тырысады екен.