Саясат

Зайытовтың Мәжілістен кетуін талап еткен петиция жарияланды

Зайытовтың мәлімдемесі көпшілік ашуына ұласып, соңы депутатты Мәжілістен қууға келіп тірелді

Қазақстанда ҚР Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытовтың өкілеттігін тоқтату туралы петицияға қол жиналып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі Ulysmedia-ға сілтеме жасап.

Петиция талаптарын 3,5 мыңға жуық адам қолдап үлгерген. Автор Айбек Амантаев "Адырна" ұлттық порталына берген сұхбатында Ринат Зайытов Қазақстанда барлық алаяқтықтардың 80%-ын намаз оқитындар жасайтынын айтып, сол арқылы ел азаматтарының ар-намысы мен қадір-қасиетін негізсіз қорлағанын қазақстандықтардың есіне салған.

Ол бұл сөз қоғамдық резонанс тудырып, еліміздің қоғамдық тұрақтылығына қауіп төндіретінін айтты.

Еске салайық, жуырда берген сұхбатында Ринат Зайытов мектептерде балаларға арналған намаз бөлмелерін ашу туралы пікір білдірді.

Бұдан кейін ол Ислам дінін қабылдаған рэп-орындаушының сөзін мысалға келтірді.

Осы мәлімдемесінен кейін депутатқа қазақстандық актер Нұртас Адамбай шүйлікті. Ол мәжілісменнен айтқан сөзін дәлелдеуді талап етті.