Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Индира Расылхан: Біраз уақыт сіздерді алдап келгем ( видео)

Индира Расылхан: Біраз уақыт сіздерді алдап келгем ( видео)
Инстаграм парақшасынан алынды
Әнші енді ән айтпайтынын мәлімдеді

Әнші Индира Расылхан біраз уақыт бері оқырмандарын  алдап келгенін айтты. Әншінің айтуынша, басынан қиын сынақтар өткен. Енді ән айтпайтын хабарлады. Ризығын арттыру үшін жасаған амалдары сәтсіз болған екен. Әнші адасу арқылы Алланы тапқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

"Бүгін ерекше эфир болайын деп тұр. Сіздердің алдарыңызда жіберген қателігімді, алдап жүрген мәселелерімді ашық айтуға ниеттендім. Біраз уақыт сіздерді алдап келгем. Маған "Қаншалықты халыққа адал қызмет еттім" деген ой келеді. Психологиялық мақсатта сіздермен жұмыс істеп жатқаныма үш жылдың көлемі болды. Қанша жанның мұңын тыңдап, көмегімді тигіздім. Осының барлығында менен кеткен қателік көп болды. Психология бір білім ғой. Бірақ, бұл Алладан емес, батыстан келген білім.  Түрлі техника жасадым. Осы түрлі техниканы адамдарға бердім. "Осыны жасасаңыз, қарыздан құтыласыз", "Осыны жасасаңыз, отбасыңызбен жақсы боласыз" деп техникаларды бердім. Оны өзім де жасадым. Бірақ ол техникалармен ризығым артпады, кері кеттім. Ең бастысы, менің айтқалы тұрған нәрсем - психологиялық техника, аффермация мен медитацияға да кеңес бермес едім. Алла менің ризығымды арттырмады. Мен адасу, қателік жасау арқылы Алланы таптым. Қазір қандай жағдай болса да, мен тек дұға етемін. Мен үлкен сынақтан өттім. Не ауру емес, не сау емес күйден өттім. Қазір өз-өзіме келдім. Сіздерді алдап жүргендей сезіндім. Расында алдадым. Мен Алладан келген білімді емес, адамдар ойлап тапқан техниканы сіздерге бердім. Жүректеріңізге психолог ретінде жол тапқан болсам, кешірім сұраймын. Мен ресми түрде мәлімдеме жасағым келіп отыр, бұдан кейін ән айтпаймын", - деді әнші парақшасында жариялаған видеода.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар