Атырауда мемлекеттік әнұранды құрметтемеген полиция қызметкері жазаға тартылды
Енді құқық қорғау қызметкері 172 мың 500 теңге айыппұл төлеуі тиіс.
Атырауда мемлекеттік әнұранды құрметтемеген полиция қызметкері жазаға тартылды. Әнұран айту барысында кеудесіне екі саусағын қойып, мемлекеттік рәмізге сыйластық көрсетегені үшін 50 АЕК, яғни 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Оқиға 16 қыркүйек күні болған. "Зарница" әскери-спорттық ойындары басталар алдында мемлекеттік әнұран шырқалған. Құқық қорғау қызметкерлердің бірі жүрек тұсын оң қолының екі саусағын қойып, әнұран орындалып жатқанда құрметсіздік көрсеткен. Осыған іс-әрекетке байланысты Мемлекеттік рәміздерді насихаттау ұлттық орталығы облыстық ішкі саясат басқармасы мен аудан әкіміне ұсыныс жолдады. Әнұранды құрметтемеген азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 458-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Енді қызметкер 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 172 мың 500 теңге айыппұл төлеуі тиіс. Егер аталған соманы бір аптаның ішінде төлеп үлгерсе, тек жартысын ғана төлейді.