Денсаулық

Алматыда Блефаропластика жасатқан әйелдер хирургты жауапқа тартуды талап етіп шу шығарды

Беттегі кем-кетігін жапқысы келген келіншектер хирург одан әрмен тыртық салып берді деп отыр

Қабағы әдемі болу үшін блефаропластика жасатқан әйелдер көздерін қатты зақымдап алған. Олар пластикалық отаның көңілінен шықпай, керісінше, зиян болғанын айтып шағымдануда, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Әлеуметтік желіде  қабақ жасатқан нәзік жандылар алматылық пластикалық хирург Данияр Байбосыновтың жұмыстарына шамданды. Айтуларынша, бет-әплетіндегі кем-кетікті дұрыстаудың орынына көзінің айналасына зақым келтірген. 

Данияр Байбосынов желіде өзі бұл шағымдарға жауап берді.“Өкінішке қарай пластикалық отадан кейін асқынулар болады және ол әрдайым дәрігерге байланысты емес. Себебі әр ағзаның өз ерекшеліктері бар. Отаға дейін де, кейін де маманның нұсқаулығын сақтаған жөн”, – деді  Данияр Байбосынов .

Қорытынды Өскемен қаласындағы “Клиника микрохирургии глаза” ЖШС маманынан алынған. Ол үш қорытындыны да Байбосыновтың пайдасына шығарып, қыздар айтқан шағымның отаға қатысы жоқ екенін көрсетті.“Фотодағы пациенттерім Қамажай мен Сәуле. Олар ота жасалғаннан екі күннен кейін арнайы пластырьды жұлып тастаған. Соның кесірінен көп мөлшерде қан кетті. Алғашында емге келіскенімен, кейін бас тартты”, – деді Байбосынов.