Мәдениет

Төреғали Төреәлі қандай қоғамдық жұмысқа тартылады

Адвокаты атақты әншінің кінәсі дәлелденсе кез келген жұмысты істейтінін мәлімдеді.

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі маусым айында Алматы қаласында 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған  ісі әлі аяқталмаған еді. Өнер иесіне 40 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасына тартылған болатын. Осы іске әншінің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев NEGE.KZ -те сот ісінің мән-жайын баяндап берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Адвокаттың айтуынша, белгілі өнер иесінің қылмысы әлі толықтай дәлелденбеген. Олар бұл жазамен келіспейді екен. Кәнісі дәлелденсе  атақты әнші жұмыс істеуден қашпайды деді.