Мәдениет

Жақында ғана тұрмысқа шыққан Әсел Сәдуақасова күйеуінен бөлек тұрып жатқанын айтты

Актриса: той болатын кезде-ақ, бір-бірімізден алыстап, сезіміміз суып, алшақтай бастап едік

Жақында ғана өзінен 10 жас кіші азаматқа күйеуге шыққан актриса Әсел Сәдуақасова күйеуімен қазіргі қарым-қатынасы нашар екендігі жайлы айтты. Үйленгендеріне біраз болмаса да, бөлек тұруға келіскен, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Үш ай бұрын отбасылық өмірге қадам басқан жұптың қазір аралары мәз емес. Бір-бірімен түсінісе алмай, психологтардың кеңесіне сай уақытша бөлек тұруды жөн көрген екен. Бірге тұрған сәттен бастап сирек кездесіп, сөйлесетіндерін айтты. Актрисаның жанжал шығарып жылап қалатын сәттері де болған екен. Өнер иесі өзін жаман сезінгеніне байланысты психологтың көмегіне жүгінген.