Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Болат Назарбаев Айшаны ұрлап кетті" : Бүркіт көпшіліктің көкейіндегі сұраққа жауап берді

"Болат Назарбаев Айшаны ұрлап кетті" : Бүркіт көпшіліктің көкейіндегі сұраққа жауап берді
Инстаграм
Бүркіт: Мен қаздір Болат Назарбаевтан қатты ұялып жүрмін

Әнші Бүркіт осыған дейін  келіншегі "Айшаны Болат Назарбаев ұрлап кетіпті, бірнеше күннен кейін Бүркіт барып құтқарыпты" деген әңгіменің қайдан шыққаны жайлы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі  "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Мен осы әңгімені өзім де талай естідім. Инстаграмда бір жылдары халық көп сұрады. Білмеймін бұл біреулердің шығарған өсегі шығар. Өйткені Болат Назарбаев тарапынан ондай дүние көрмедік. Керісінше өте байсалды азамат. Талай тойына шақырды, бардық. Өзінің ақ дастарханының басына отырғызатын.

Ақшасын төлеп, еш зиянын көрмедік. Қазір мен қайта осы әңгімелерден кейін ол кісіден өзім ұялатын болдым. Ондай жағдай болған емес. Оқиға болса қасымыздағы әнші әріптестеріміз бәрі еститін еді.

Бір адамдар түрлі өсек тудырып жүреді. Бұл көре алмайтындардың әңгімесі деп ойлаймын. Мысалы, "Айшаны Испанияда дүниеге келді" деген әңгіме шығарды. Ол мысалы өсек. Бір күні Қайрат Боранбаев "солай болды ма, қалайсың? деп сұрады. Көрдіңіз бе? Үлкен кісілер де сеніп қалған. Мен Путинге шығып көмек сұраппын деген сөздер шықты. Құдай сақтасын. Бір граммы шындық емес.",-деп қысқа қайырды.

Әнші бойдақ кезде Айшаны қызғанып, жігіттерге мінез көрсеткен кездері де болыпты.

"Үйленбей тұрып, Айшаға қырыңдаған екі-үш жігіт болды. Звондап, "аяғыңды сындырамын" дедім. Болды. Сонымен ондай жағдай болған емес",-дейді әнші.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар