Басты жаңалықтар

Алматыда элиталық жекеменшік мектепте 7 жасар ұл баланы зорлау фактісі бойынша істі полиция зерттей бастады

Анасы 1-сыныпқа барған ұлын дәретханада жоғарғы сынып ұлдары зорлағанын айтты

Алматыдағы элиталық мектепте 7 жасар баланы зорлау фактісі бойынша жауапты қызметкерлер тергеу амалдарына кірісті.  Қорлық көрген оқушының  анасы түсірген арыздың негізінде қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Баланың анасы әлеуметтік желіде видео жариялап, оқиғаның айтып берді. Көп балалы ананың  сөзіне қарағанда, бірінші сыныпқа барған ұлы үйге жыртық шалбармен келген. Оған мән беріп қараған да  шалбардың артқы жағы, яғни тура тоқ ішек тұсы жыртылғанын байқаған. Түсінбеген соң,  әрі іш киімін тексеріп, оның  теріс киілгенін байқаған. Шалбар мен іш киімнен ақ дақтың іздерін көрген. Сосын оқушының  тоқ ішегі мен жамбасында жараның ізі барын байқаған.

Медицина қызметкерлері бұл физикалық зорлықтың кесірінен болған жара екенін анықтаған.

7 жасар бала 13 қыркүйектен бері сабаққа қатыспай жүр. Қазіргі кезде Бостандық аудандық полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 121-бабы 3-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша тергеу шараларын бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.