Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Танымал түрік актері Бурак Озчивит Қазақстандағы көрермендерімен кездесті

Танымал түрік актері Бурак Озчивит Қазақстандағы көрермендерімен кездесті
Ашық дереккөзі
Желі қолданушылары: өте нашар ұйымдастырылған кездесу болды, ұят-ай

Түріктің танымал киноларында басты рөлді сомдаған  Бурак Озчивит Алматы қаласындағы көрермендерімен кездесті. Актер концерт залына барып, шараға қатысқан.  Сүйікті түрік  актерімен өткен шара ұйымдастырушылардың жоспарына сай болмаған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Желілерде жұздыздың көрермендері  сахнаға жүгіріп шыққан видеолары тараған.  "Бұл өте ұят болды. Ешқандай дұрыс ұйымдастыру жоқ және дұрыс күзет те қоймаған. Дөрекі адамдардың кесірінен фотосессияға берілген 20 адамға мүмкіндіктен, тек 4-еуін беріп, кешті аяқтай салды",-деп жазды желі қолданушысы. 

Бұдан бөлек TikTok пен Instagram желісінде түрлі видеолар тараған. Бірінде актермен суретке түсу үшін барлық адамды итеріп, дөрекі әрекеттерге барса, екіншісінде сұрақ қою үшін таласқан. 

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар