Құтқарушылардың министрге ақша жинағаны туралы мәлімдемеге қатысты ТЖМ жауап берді
ТЖМ: ақпарат шындыққа жанаспайды және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы кезекті арандатуышылықты іске асыру болып табылады
Зуялхан Гасановтың Түркістан облысы құтқарушыларының Төтенше жағдайлар министріне ақша жинағаны туралы мәлімдемесіне қатысты жауап берді. Бұл ақпаратты ведомство Telegram-дағы ресми арнасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
ТЖМ өз қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша барлық қажетті шараны жүзеге асырып жатқанын хабарлады."ТЖМ-нің барлық жеке құрамына, атап айтқанда Түркістан облысының ТЖ департаментіне еске саламыз. Біздің министрліктің барлық қызметкері үшін "WhatsApp" мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың тікелей телефон нөмірі + 7 747 651 75 88 жұмыс істейді, жедел және шұғыл шешімдерді қажет ететін проблемалық мәселелермен жүгінуге болады. Өтініштің құпиялылығы сақталады", - деп хабарлады ведомстводан.