Журналист: қазақ үшін жанын қиған азаматтың ұрпағы қазақ халқын мүлде білмейтінін естіп қынжылдым
Журналист Гүлмира Әбіқай Әлихан Бөкейхановтың ұрпақтары жайлы тың деректермен бөлісті
Журналист Гүлмира Әбіқай Әлихан Бөкейхановтың ұрпақтары жайлы тың деректермен бөлісті.Ол Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың ұрпағы қазақ тілін білмейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Өмірін қазақ халқының бостандығына арнаған Әлихан атамыз Семей өңірінде дүниеге келіп Мәскеуде өлім құшқан. Ізденімпаз тұлғаның арғы атасы әйгілі Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы.
Қазақ даласына патша өкіметіне қарсы алғашқы петицияны бастаған Әлихан Бөкейханов еді. Ол 1915-ші жылы Патшаға талап қойып, қазақ дерінде балаларбың қазақ тілінде білім алуын қалаған болатын.
Журналист белгілі тұлғаның немересінің сұхбатын оқып іші ашығанын айтты.