Қоғам

Алматы облысында өгей әкесі 10 жастағы қызды 2 жыл бойы зорлап келген

Қызды қораға апарып өзінің арам ойын іске асырған

Алматы облысы, Ақши  ауылында өгей әкесі 10 жастағы қызға  айтуға ауыз бармайтын қиянат жасаған.  2 жыл бойы қорлаған. Зорлыққа ұшыраған 4 сынып оқушысының жақындары әділдікке қол жеткізу үшін көмек сұрауда, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Кішкентай қыз анасына болған оқиғаны  айтуға қорыққан. Бірақ, кейіннен нағашы әжесіне жағдайды баяндап береді.  Қыз әжесіне санын сипалап, тиіскенін айтқан. Қорлық көрген қыз оқиғаның қай жерлерде орын алғанын да көрсеткен. 

Қыздың жақындары әділдікке қол жеткізу үшін, іс қозғатып, қылмыскердің заң алдында жауап беруін сұрауда.