Қоғам

Шымкентте шенеуніктер бюджеттен 1,1 млрд теңге жымқырып, элиталы үй сатып алған

Электр желісін жөндеуге бөлінген ақшадан Астанадан қымбат үй алған

Шымкентте коммуналдық кәсіпорын басшылығы 1,1 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Қаржыны қалтасына басқандар Елордадағы элиталы тұрғын үй кешендерінен құны 150 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған. Тергеу нұсқасы бойынша, олар жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу және электр желілерін жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған.