Қоғам

Ата-анасынан айырылған 11 жастағы қыз асыраушыларынан қорлық көріп жүргенін айтты

Жетім қызға таласқан туыстар бір ауылда тұрса да бес жылдан бері баланы бөлісе алмауда

Алты жыл бұрын ата-анасынан айырылған Ақниет айтуынша асыраушылардан көрмеген қорлығы жоқ. Туыс әпкесі туған бауырына сенбей жасөспірім қызға қауіп төніп тұрғанын айтуда.  Оның айтуынша, марқұм ағасының дүниесін қолды қылып, қаладан үй алып, қалтасын қалыңдатқан, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Он бір жастағы жетім қалған жалғыз қыздың тағдыры қиын. Ол ата-анасы қайтыс болғаннан бері туыстарының қамқорлығында қалған. Қыздың әке-шешесінен де бірмаша дүние қалған екен.  Сол дүние үшін Алмабек есімді туысы асырап алған. Бірақ 11 жастағы қыз олармен бірге тұрғысы келмейтінін айтқан. Үнемі жұмсап, еркін болуына уақыт бермейтін көрінеді. 

Таласқан туыстар бір ауылда тұрса да бес жылдан бері баланы бөлісе алмауда.