Іле-Алатау ұлттық паркінде орманшыны өлімші етіп сабап кеткен
Орманшыны ағаш тоқпақпен соққыға жыққан
Іле-Алатау ұлттық паркінде бет-аузының сау-тамтығы қалдырмай орманшыны сабап кеткен. Орманшыға жабық ми жарақаты диагнозы қойылған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ulysmedia-ға сілтеме беріп.
Әлеуметтік желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға 29 қыркүйекте болған. Жазбада зардап шеккен орманшының әпкесінің хабарламасы келтірілген.
Оның айтуынша, орманшы есінен танып қалған, ал есін жиғанда айналасында тас қараңғы болған.
Полиция бұл жағдайға әлі түсініктеме бермеген.