Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде салынды
Алексей Луценко веложарыстан алтын жүлдені иеленді
Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде салынды. Тасжолдағы веложарыста сынға түскен Алексей Луценко мәреге бірінші болып жетіп, алтын жүлдеге иеленді . Ол тасжолдағы веложарыста 48:05:75 уақыт бойы жарысқа түсті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия орындарында Алексей Луценко бірінші мәреге жетіп, үш дүркін Азия ойындарының жеңімпазы болды.
3 қазанды біздің елдің құрамы үшін жүлделерден басталды. Бірінші, Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанды. Екінші, ағайынды Емельяновтар каноэде есуден жұптық сында күміс жүлдеге ие болды.