Алматы облысында 3 жасар қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы азамат ұсталды
Күдікті ұсталып, тергеу абақтысына жабылды
Алматы облысында 3 жасар қыз балаға 40 жастағы азамат сексуалдық зорлық көрсеткен, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
3 қазанда Балқаш ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын кішкентай қызына ауылдасы сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағанын айтып шағымданған.
Қылмысты ашу және қылмыскерді ұстау үшін дереу облыстық және аудандық полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Қылмыс жасады деген 40 жастағы ер адам ұсталды.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр (жас баланы зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері). 1981 жылғы жәбірленушінің апасы саналатын күдіктінің әйелі де қамаққа алынды. Істі тергеу менің ерекше бақылауымда", - деп жазды Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да Балқаш ауданындағы 3 жасар қыздардың зорлану дерегіне қатысы бар күдікті ұсталғанын жазды.