Қайрат Боранбаевтан тәркіленген миллиард қайда жұмсалатыны айтылды
Қаржы министрі Жамаубаев бұл ақша қалай және қайда жұмсалатынын айтты
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтан тәркіленген қаржы қайда жұмсалатынын түсіндірді.
Еске салайық, жуырда белгілі кәсіпер Қайрат Боранбаев ісі бойынша апелляциялық сот үкімі шықты. Сот кәсіпкердің жазасын жеңілдетті. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Боранбаевтан мемлекет кірісіне:
Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы коммерциялық үй-жай және 686 млн теңгенің жер учаскесі;
банк шотындағы 1 млрд 270 млн 190 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат;
Халық банкіндегі түрлі шоттардағы 5 млн 685 мың 727 доллар, 1 млн 170 мың 329 доллар, 755 млн 859 мың 601 теңге, 193 млн 170 мың 137 теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат тәркіленді.