Ермұрат Бәпи:Назарбаев уахабизмді билікті ұстап тұру үшін пайдаланды
Депутат экс-президентке бұл мәселеде Қайрат Сатыбалды көмектескенін қадап айтты
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев уахабизмді билікті ұстап тұру үшін өз мүддесіне пайдаланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәжілістің жалпы отырысы кезінде Бапи Қазақстанда уахабизмді насихаттайтын жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілер бар екенін мәлімдеді. Ал кулуарда журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде ол Қазақстанда радикализмнің тарауына тікелей ықпал еткендердің қатарында Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де барын айтты.
Депуттың сөзінше, қазақты діни негізде бөлшектеу арқылы ұлттық бірлігінен айырды.