Тоқаев кәмелетке толмағандарға зорлық жасағандардың жазасын қатаңдатуды тапсырды
Президент кәмілет жасына толмағандарға психологиялық қысым көрсететіндер қатаң жазаоанатынын айтты
Президент кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасаған адамдардың жазасын қатаңдатуды тапсырды.
"Бұл бастама жақын арада жүзеге асады. Жалпы, балаға психологиялық қысым жасалмауына, ең алдымен, ата-ана жете көңіл бөлуі керек. Ондай оқиға болса, мектептегі медиация қызметі мұғалімге және ата-анаға ескертіп, кәсіби медиаторлармен бірге балаға барынша көмек беруге тиіс", - деп мәлімдеді президент педагогтер съезінде.
Ол ішкі істер министрлігі, бас прокуратура балалардың қауіпсіздігіне қатысты өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқарулары тиіс екенін айтты.
"Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен мұндай жағдайлардың бәрін тіркеп, маған баяндауы қажет. Қатаң шара қолданамыз", - деді Тоқаев.