Қоғам

"Қол жүгіртті":Алматылық бойжеткен автобуста екі мәрте ер азаматтар тарапына намысына тиетін жағдай болғанын айтты

сатушы қыз: адам көп уақытта тура арқама тұрып алып қолымен барлық жерімді ұстап шықты

Желіде  сүт өнімдерінің сатушысы ретінде танылған бойжеткен қоғамдық көлікте жиі жүретінін айтып, екі рет ер адамдардың намысына тигенін айтып өтті. Сөзінше мұндай жағдайға әр-бір екінші қыз тап болған. Ол өзінің басынан өткен жағдайды еш бүкпесіз, баяндап берді деп жазды KYN.KZ  тілшісі "Қыздар-ай" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Көріп тұрғандарыңыздай мен сылаңдап, сұранып қалған қыз емеспін. Бір жолы кешкі уақытта қоғамдық көлікке отырдым. Адам көп енді. Әдеттегідей қысылысып тұрмыз. Бір кезде тура артыма бір ер адам тұрып алды. Ыңғайсызданып тұрдым. Бір уақытта белімнен ұстағандай болды. Тиіп кеткен шығар деп ойладым. Бір кезде тағы да ұстады. Бұрылдым да спорт киімінен жұлқып "не істеп тұрсыз" деп алдыға қарай тарттым.

Ол әрине "не болды қарындас, бәріміз қысылып тұрмыз" деп сөйлей қалды. Мен бардым да басқа жерге тұрып алдым, апалардың қасына. Сол күні басымда кепка, аяғымда кроссовки, үсімде спорт киімі. Мен жігіттерді өзіме қаратып сылаңдап та тұрған жоқпын. Соның өзінде ер адам маған солай жасады. Екінші мәрте өзге ұлт өкілдері тиісті. Көйлек киіп алғанмын. Тағы да автобуста.

Ер адам көйлегімнің асына телефонын қойып, дауысы кәдімгідей шығып тұр, бірнеше рет суретке түсіріп алды. Ұрысып тастадым. Әрине ол жерде де мені жынды етіп, мойындамай тұр. Сонда қоғамда қыздар қорғаныш іздеп, намысына тиіп жатқанын айтса өзгелер алаңсыз қарап тұрады ма деген ойға қалдым",-дейді бойжеткен.