Мәдениет

Гүлзира Айдарбекова енді алғалы отырған кіші келіні туралы: даңдайсып кетпесе болды

Айдарбекова: Осы келінді нағыз келінше ұстаймын

Қайрат Нұртастың анасы қазіргі кезде кенже ұлы Заңғардың үйлену тойына қызу дайындық басталып кеткенін айтқан болатын. Құдалар танысып, тәтті шай өтіп, енді жұлдызды отбасы той қамына кіріскен. Отбасындағы әр жаңалықпен желіде бөлісіп отыратын Айдарбековаға қазақы ұстанымға сай жақсы келін тілейтіндер де көп. Солардың бірі "Заңғар балаңыз Шымнаңы қызын әкеліп, қамырды жайып, ақылыңызды айтып отырғанға не жетсін" деген.

Продюсердің ойынан шықса керек оқырманының пікіріне жауап жазған.

"Осы келінді нағыз келінше ұстаймын деп қоямын. Жүрегім шыдаса, бірақ. Ең бастысы, менің бүкіл шаруамды атқарып, бүкіл жұмысымды сеніп тапсыра алатын, дандайсып кетпейтін, адал келін келсін", - деді Гүлзира Айдарбекова.