Мәдениет

Айдарбекова: "Қайрат мамасының баласы" деген сөз баламның психикасына жаман әсер етті

Айдарбекова қарапайым, дауысы орташа ұлынан қалай "жұлдыз" жасағанын әңгімелеп берді

"Қайрат мамасының баласы" деп жылдар бойы айтылған сынға әншінің  продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова жауап берді, деп жазды KYN.KZ тілшіс.

Ол сөзді өте көп айтты. "Қайрат анасының баласы" деді. Қанша жылдар бойы айтылды. Керек десеңіз, ол баламның психикасына әсер етті. Кейін Қайрат бір концертінде халыққа жауап берді. Балам "Сен қандай болсаң да, тіпті мүгедек болсаң да сені тастамайтын адам - анаң.

Баланың бақыты ананың аяғының астында" дегенде, өзім де жеңілденіп қалдым. Бұл да Алланың берген бағы ғой. Қайраттан да мықты қанша әнші бар? Бақты кім көтере алады, соған береді дейді ғой. "Қайрат анасының арқасында жүр" дейтіндей мен оның орнына барып ән айтпаймын. Мен оның потенциалын көріп, сахнаға шығуына себепкер болған анамын. Ана жүрегім оған көмектескісі келді.

Қайраттың арманын орындағым келді.Қанша адамның алдына барып, "Продюсер болсаңыз" деп айттым. Бірақ, Қайрат ол уақытта танымал емес еді. Ешкім елемеді. Кейін шыққаннан кейін "Маған берсеңіз" деді. Бірақ, ол кезде кеш еді. Мен бастаған ісімді аяқтап, сонымен айналысып кеттім. Мен әліге дейін армандарымның орындалғанына қуанамын", - деді Гүлзира Айдарбекова.