Арулар

Алматылық әйел экс-күйеуі 1,5 жылдан бері өзін өлтіру үшін түрлі әрекеттерге барып жүргенін айтты

Келіншек: Полиция түк шара қолданбайды. Ол менің жалаңаш суретімді бүкіл танысыма жіберді

Алматылық әйел соңғы 2 жылдан бері экс-күйеуінің қорлауынан шаршап, шарасыз күйде жүргенін айтты. Келіншектің сөзінше ол өзі дұрыс танымайтын азаматқа тұрмысқа шыққан. Біраз уақыт достасып, оны білдім, таныдым дегенімен күйеуі әйелден жеке өмірі туралы бүкіл дүниені құпияда ұстап келген. Әйел ажырасқаннан кейін барып, өзі оның 4-ші әйелі болғанын білген, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

"Біз танысып, біраз уақыт достасып содан кейін барып үйлендік. Ол меннен үнемі басқа қалада, жұмыста кезінде жалаңаш суретімді сұрайтын. Өз үйімізде бір-біріміздің көзімізше жалаңаш жүреберетінбіз. ол енді ерлі-зайыптылар арасындағы құпия әрі қызықты ойын деп білемін.

Ол сондай сәттердің барлығын фото, видеоға түсіріп жинап жүрген.Мен одан бейхабар болдым. Ақыр соңы ажырасамын, сенімен тұрмаймын деген кезімде инстаграмымнан бүкіл таныс, туыс, жай жазылушыларым барлығына менің сол суреттерімді жіберіп, мазаларын алатын болды. Меннен кек алу үшін осындай адамның миына қонбайтын әрекеттерге барып жүр.

Аулама келіп, менің аты жөнімді атап, айқайлап тұрып "Көрінгенмен жатады, 500 теңгеге жатады, осы үйде тұрады" деп нақты пәтерімнің нөмірін атайды. Талай рет полиция шақырдым. Полиция сөйлесіп, босатып жібереді. Мені өлтіріп кететінін талай айтты. Қазір мен өз өмірім үшін қорқамын. Өз үйіме еркін кіріп-шыға алмаймын",-дейді Әсел есімді әйел "Қыздар-ай" бағдарламасында.