Қазақстанда қоғамдық орындарда бүркеніп жүруге тыйым салынады
Балаева: Елімізде түрлі ағым жетегіндегі адасқандар көбейді
Қазақстанда қоғамдық орындарда хиджап сынды діни ұстанымға сай ерекше киінуге тыйым салынады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Министр жақын күндері "дін жөніндегі заң" қатаңдатылады. Себебі соңғы кездері қоғамды бұл мәселе жиі алаңдатып, желіде дүрліккендер көбейген.
Балаева журналистердің "қоғамдық орында жабынып хиджап, никаб киетіндерге тыйым салынады ма?" деген сұрағына нақты жауап берді.
"Қазірге қоғамдық орындарда. Бұл тәжірибе барлық елдерде бар. Өйткені мұның артында ұлттық қауіпсіздік тұр. Қоғамдық орында бетін бүркемелеп алғандарды табу өте қиын. Бұл әрине халық талқысымен жасалатын дүние. Әрине осыдан кейін құзырлы орган ретінде сол бағытта заңды қатаңдатуға жұмыс істейтін боламыз",- деп жауап берді Балаева.
Жақын күндері Мәдениет министрлігі дәл осы жағдаятқа арналған заң бөлігін талқыға салып, жұмысты бастап кетпек.
Балаева Қазақстанда соңғы кезде дәстүрге сай келмейтін ағым түрлері көбейіп кеткенін айтып өтті. ҰҚК жағдайды бақылауға алып, жұмыс жүргізуді бастап кеткен.
Бұл тек Қазақстанда емес, жақында ғана Өзбекстан қоғамдық орында бетін бүркеуге тыйым салды. Бұл елде бүркенгендер айыппұл төлейтін болды. Көрші Қырғызстан да дәл осы заңды қолға алды.