Сарыағашта мектеп директоры мұғалімдерден ақша сұрап, қазан айына дейін сабақты бөлмей отырған
Директор бір ай бойы мектепте оқу кестесін жасатпай, мұғалімдерден ақша күтіп отырған
Түркістан облысындағы ауыл мектебінің оқушылары ел қатарлы мектепке барып, қолдарына кітап, дәптер ұстамаған. Сарыағаш ауданындағы шағын мекемеде әлі сабақ кестесі де жоқ. Мұның бәрі директордың мұғалімдерге жүктемені бөлмегендігінен туындағаны анықталды.
Ол сағат бөлу үшін ұстаздардан ақша талап еткен. Бұл туралы «АМАNAT» партиясы жанындағы Республикалық білім және денсаулық сақтау кеңесінің отырысында құқық қорғаушы Айгүл Орынбек айтты. Ал құзырлылар бұдан бейхабар болып шықты, деп жазды KYN.KZ тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.